Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Математика

Автор: admin от 20-04-2016, 01:05, посмотрело: 11648

0 Мәселе есептер
Өзен ағысына байланысты мәселе есептер

1. Моторлы қайық су ағысының бойымен 105 км жүргенде, осы жолды ағысқа қарсы жүзгендегіден 2 сағ жылдам жүзді. Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы 18 км/сағ болса, су ағысының жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 3 км/сағ
2. Моторлы қайық су ағысының бойымен 28 км, ағысқа қарсы 25 км жүзгенде тынық суда 54 км жүзгендегідей уақыт жұмсады. Егер ағыстың жылдамдығы 2 км/сағ болса, моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 12 км/сағ
3. Ағынсыз судағы жылдамдығы 20 км/сағ-қа тең катер ағысқа қарсы 36 км сағ және өзен ағысының бойымен 22 км жол жүрген. Ол осы жолдың барлығына 3 сағ уақыт жіберген. Өзен ағысынң жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 2 км/сағ
4. Өзен бойындағы екі пристаньның ара қышықтығы 80 км. Қайықтың бір пристаннан екінші пристаньға барып қайтуына 8 сағ 20 мин уақыт кетеді. Ағыс жылдамдығы 4 км/сағ деп есептеп, қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 20 км/сағ
5. Тынық судағы жылдамдығы 15 км/сағ болатын моторлы қайық өзен ағысының бойымен км жүзіп барып, қайта қайтып келеді. Қайық барлық жолға 20 сағ уақыт жұмсаған болса, өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 4 км/сағ
6. Өзен бойындағы екі қаланың ара қашықтығы 80 км. Теплоход бір қаладан екіншісіне барып қайтуға 8 сағ 20 мин жұмсады. Өзен ағысының жылдамдығы 4 км/сағ. Теплоходтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 20 км/сағ
7. Моторлы қайық ағыс бойымен 18 км және ағысқа қарсы 14 км жүрді, осы жолдың барлығына ол 3 сағ 15 мин жұмсады. Қайықтың меншікті жылдамдығы 10 км/сағ. Ағыстың жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 2 км/сағ
8. А пунктінен өзен ағысымен сал жіберілгеннен кейін 5 сағ 20 минут өткен соң салдың соңынан моторлы қайық шығып, 20 км жүзгеннен кейін салды қуып жетеді. Егер моторлы қайық салдан 12 км/сағ жылдам жүретін болса, салдың жылдамдығы неге тең?
Жауабы: 3 км/сағ
9. Моторлы қайық өзен ағысымен 28 км жүзіп барып, бөгелместен кері қайтты. Барып қайтуға 7 сағат уақыт кетеді. Өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ екендігі белгілі. Қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 9 км/сағ
10. Моторлы қайық ағыспен 12 км, ағысқа қарсы 12 км жүрді. Ағысқа қарсы жүрген жолына ағыспен жүрген жолынан 1 сағат артық уақыт жіберген. Қайықтың тұнық судағы жылдамдығы 9 км/сағ болса, ағыс жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 3 км/сағ
11. Турист 160 км-дің бөлігін автомашинамен, ал қалған бөлігін катермен жүріп өтті. Катердің жылдамдығы автомашинаның жылдамдығынан 20 км/сағ аз. Турист автомашинамен катерге қарағанда 15 мин артық жүрген. Автомашина мен катердің жылдамдықтары қандай?
Жауабы: (60; 80); (80; 100).
12. Токарь 120 детальді өңдеуі керек еді. Жаңа кескіш қолдану арасында ол сағатына 4 детальдан артық өңдеп, берілген тапсырманы мерзімінен 2 сағ 30 мин-ке ете бітірді. Жаңа кескішті қолдана отырып токарь сағатына неше детальдан өңдеді?
Жауабы: 16
13. Жинақ кассасынан ақша сатушы әуелде өз ақшасының бөлігін алып, екінші рет қалған ақшасының бөлігін және 640 теңге алды. Ақшасын екі рет алғаннан кейін жинақ кітапшасында барлық салған ақшасының бөлігі қалды. Басында салған ақшаның мөлшері қандай еді?
Жауабы: 2400 теңге
14. Шаңғышының 30 км-лік ара қашықтықты жүріп өтуі тиіс еді. Жүруді белгіленген уақытынан 3 мин кешірек бастаған шаңғышы жоспарланған 1 км/сағ артық жылдамдықпен жүгіріп отырып, белгіленген жерге дер кезінде келіп жетті. Шаңғышы қандай жылдамдықпен жүгірді.
Жауабы: 25 км/сағ
15. Өзен ағысымен катер 3 сағ, ағысқа қарсы 4,5 са, жол жүоді.катер жылдамдығы 25 км/сағ болса, онда өзен ағысының жылдамдығы қандай?
Жауабы: 5 км/сағ
16. Бір натурал сан екіншісінен 3-ке артық, ал көбейтіндісі 180-ге тең. Осы натурал сандарды табыңыз.
Жауабы: 15 және 12
17. Катер өзен ағысымен 75 км және ағысқа қарсы 75 км жүрді. Катер барлық жолға тынық суда 80 км жүретін уақыттан 2 есе артық жұмсады. Егер ағынның жылдамдығы 5 км/сағ болса, катердің жылдамдығы неге тең?
Жауабы: 20 км/сағ
18. Кварталда 8 көпқабатты уй салынды. Олардың орташа биіктігі 38 м. Егер сегіз үйдің төртеуінің орташа биіктігі 29 м болса, онда қалған төрт үйдің орташа биіктігі қандай болғаны?
Жауабы: 47 м
19. Катер арасы 96 км А-дан Б-ға өзен ағысы бойынша және керісінше жүзуге 14 сағ уақыт жіберді. Бір мезгілде катермен бірге А-дан сал шықты. Катер қайтар жолда А-дан 24 км қашықтықта салды кезіктірді. Катердің тынық судағы жылдамдығын және су ағысының жылдамдығын табу керек.
Жауабы: 14 км/сағ, 2 км/сағ
20. Өзен бойындағы екі қаланың ара қашықтығы 80 км. Теплоход бір қаладан екіншісіне барып, қайтуға 8 сағ 20 мин жұмсайды. Өзен ағысының жылдамдығы 4 км/сағ. Теплоходтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 20 км/сағ
21. А пунктінен өзен ағысымен сал жіберілгеннен кейін 5 сағ 20 минут өткен соң салдың соңынан моторлы қайық шығып, 20 км жүзгеннен кейін салды қуып жетті. Егер моторлы қайық салдан 12 км/сағ жылдам жүретін болса, салдың жылдамдығы неге тең?
Жауабы: 3 км/сағ
22. Моторлы қайық өзен ағысымен 28 км жүзіп барып, бөгелместен кері қайтты. Барып-қайтуға 7 сағат уақыт кетті. Өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ екендігі белгілі. Қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 9 км/сағ
23. Катер өзен ағысымен 15 км және 4 км суда жүзді. Барлық жолға 1 сағ уақыт кетті. өзен ағсының жылдамдығы 4 км/сағ болса, онда катердің өзен ағысымен жүзгендегі жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 20 км/сағ

Жылдамдыққа байланысты мәселе есептер

1. Ара қашықтығы 900 км екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы екі пойыз шығып, олар жол ортада кездескен. Бірінші пойыз екіншісіден 1 сағ кеш шығып, екінші пойыздың жылдамдығынан 5 км/сағ артық жылдамдықпен жүрген. Әр поездың жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 45 км/сағ, 50 км/сағ
2. Велосипедші 49 км жолды 3 сағатта жүріп өтті. Бірақ әрбір келесі сағатта, алдыңғы сағатқа қарағанда 2 есе аз жол жүрді. Велосипедші соңғы сағатта қанша жол жүрді?
Жауабы: 7 км
3. Ара қашықтығы 18 км болатын А пәунктінен В пунктіне қарай жаяу жүргінші шықты. Жаяу жүргіншінің артынан 2 сағаттан кейін велосипедші шығып, екеуі бір мезгілде В пунктіне келеді. Егер велосипедші жылдамдығы жаяу жүргіншінің жылдамдығынан 4,5 км/сағ артық болса, велосипедшінің жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 9 км/сағ
4. Реактивті самолет 0,5 сағатта винтті самолеттің 1 сағтта жүрген жолынан 200 км артық жүрген. Егер реактивті самолеттің жылдамдығы винтті самолеттің жылдамдығынан 3 есе артық болса, әрқайсысының жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 400 км/сағ, 1200 км/сағ SAA
5. Екі мотоциклші ара қашықтығы 50 км М және N пункттерінен бір мезгілде шықты да, 30 минуттан соң кездесті. Егер олардың біреуі М пунктіне екіншісінің N пунктіне келгенінен 25 мин ерте жетер болса, әр мотоциклші қандай жылдамдықпен жүрген?
Жауабы: 60 км/сағ, 40 км/сағ
6. А және В пункттерінен бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы екі автомобиль шықты. Екеуі кездескеннен кейін олардың біреуі В пунктіне 1 сағ 15 минуттан соң, ал екіншісі А пунктіне 48 минуттан соң келіп жетті. А және В пунктерінің ара қашықтығы 90 км. Автомобильдердің әрқайсысының жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 40 км/сағ, 50 км/сағ
7. Екі қаланың арасын қосатын екі түрлі жол бар. Оның біреуінің ұзындығы екіншісінен 10 км артық. Бірінші жолмен автомобиль жүріп келеді, ол екі қаланың арасын жүріп өту үшін 3,5 сағат жұмасайды; ал екінші машина екінші жолмен екі қаланың арасындағы жолға 2,5 сағат жұмсайды. Егер бірінші машинаның жылдамдығы екіншісіне қарағанда 20 км/сағ аз болса, онда машиналардың әрқайсысының жылдамдығы қандай?
Жауабы: 60 км/сағ, 80 км/сағ
8. Жедел поезд семафор алдында 16 минут тоқтатылған. Кестеден шығып қалмау үшін, ол келесі 80 км аралықты жоспарлағаннан 10 км/сағ артық жылдамдықпен жүрген. Поездың кесте бойынша жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 50 км/сағ
9. Қанат велосипедпен ауылдан көлге дейін барып, кідірместен кері қайтқан, содан бүкіл жолға 1 сағат уақыты кетті. Ауылдан көлге дейінгі жылдамдығы 15 км/сағ, ал көлден ауылға дейінгі жылдамдығы 10 км/сағ болды. Көлден ауылға дейінгі ара қашықтықты табыңыз.
Жауабы: 6 км
10. Жаяу адам 10 км жолды белгілі бір жылдамдықпен жүру керек еді, бірақ ол жылдамдығын 1 км/сағ арттырып, 10 км жолды 20 мин тезірек жүріп өтті. Жаяу адамның алғашқы жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 5 км/сағ
11. Моторлы қайық өзен ағысымен 40 мин, ағынға қарсы 1 сағат жүзіп, осы уақытта барлығы 37 км жол жүрді. Егер өзен ағысының жылдамдығы 1,5 км/сағ болса, онда қайықтың тынық судағы жылдамдығы қандай?
Жауабы: 22,5 км/сағ
12. Велосипедшіге 15 км қашықтықты жүріп өтуі керек еді. Белгіленген мерзімінен 15 минутқа кеш шыққандықтан жылдамдығын 2 км/сағ арттыруға тура келді. Сөйтіп велосипедші қандай жылдамдықпен жүріп өтіп еді.
Жауабы: 12 км/сағ
13. Поезд жолда 6 мин-қа тоқтады да, өзінің кешігуіне 20 км-лік жол кесіндісіне жойды. Ол үшін поездың қозғалыс кестесі бойынша жорамалдаған жылдамдығынан 10 км/сағ артық жылдамдықпен жүруіне тура келді. Берілген жол кесіндісіндегі поездың кесте бойынша жорамалдаған жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 40 км/сағ
14. Моторлы қайық өзен ағысы бойымен 14 км, ал сонан соң ағысқа қарсы 9 км қашықтықты жүзіп өту үшін барлығы 5 сағат уақыт жұмсады. Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығын 5 км/сағ деп алып, өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 2 км/сағ
15. Бір мезгілде А және В пунктерінен бір-біріне қарама-қарсы бағытта жолға шыққан екі велосипедші 2 сағ-тан кейін жолықты. А-дан В-ға дейінгі қашықтық 42 км-ге тең. Егер бірінші велосипедші сағатына екіншісіне қарағанда 3 км жолды артық жүріп отырса, онда олардың әрқайсысының жылдамдығының қандай болғаны?
Жауабы: 12 км/сағ, 9 км/сағ
16. Өзен жағасында орналасқан А және В пунктерінің ара қашықтығы 10 км. А пунктінен шыққан қайық өзен ағысының бойымен жүзіп В пунктіне келді де, кідірместен кері қайтты. Егер қайықтың тынық судағы жылдамдығы 3 км/сағ болса, онда А-дан В-ға жету үшін В-дан А-ға жетуге кеткен уақыттан 2 сағ 30 мин кем уақыт жұмсалар еді. А пунктінен В пунктіне 2 сағ жету үшін қайықтың тынық судағы жылдамдығының қандай болуы қажет?
Жауабы: 4 км/сағ
17. Мотрлы қайық А-дан В пунктіне дейін 2,4 сағ, ал қайтарды 4 сағат жолға жұмсады. Моторлы қайықтың меншікті жылдамдығы 16 км/сағ болса, өзен ағысының жылдамдығы қандай?
Жауабы: 4 км/сағ
18. Жеңіл машина жүк мащинасына қарағанда 2 минут кеш шықты, оны 10 км жүргенде қуып жетті. Егер жеңіл машина жүк машинасына қарағанда сағатына 15 км артық жүретін болса, онда машиналардың жылдамдықтары қанша?
Жауабы: 60 км/сағ, 75 км/сағ
19. Темір жолдың екі станциясының арасы 120 км. Бірінші поезд екіншісіне қарағанды осы аралықты 50 мин жылдам жүріп өтеді. Бірінші поездың жылдамдығы екіншісінен 12 км/сағ артық. Поездың жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 48 км/сағ, 36 км/сағ
20. Қайық 12 км/сағ жылдамдықпен бір айлақтан екінші айлаққа қарай шықты. Жарты сағаттан кейін сол бағытта 20 км/сағ жылдамдықпен пороход шықты. Егер породод қайықтан 1,5 сағат бұрын келсе, онда айлақтар арасы қанша?
Жауабы: 60 км
21. Ара қашықтығы 900 км екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы екі поезд шығып, олар жол ортасында кездескен. Бірінші поезд екіншіден 1 сағат кеш шығып, екінші поездың жылдамдығынан 5 км/сағ артық жылдамдықпен жүрген. ӘР поездың жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 50 км/сағ, 45 км/сағ
22. Аэдромнан одан 1600 км қашықтығы пунктке бір мезгілде екі ұшақ ұшып шығады. Бірінші ұшақтың жылдамдығы екіншіге қарғанда 80 км/сағ-қа артық болғандықтан, ол белгіленген жерге 1 сағат бұрын жетеді. Әр ұшықтың жылдамдығын табыңыз. Жауабы: 320 км/сағ, 400 км/сағ
23. Поездға асыққан жолаушы бірінші сағатта 3,5 км жүргеннен кейін, осы жылдамдықпен жүре берсе поездға 1 сағат кешігетінін есептеп білді. Ол қалған жолды 5 км/сағ жылдамдықпен жүріп отырып, поездға 30 минут ерте келді. Жолаушы қанша километр жүрген?
Жауабы: 21 км
24. Велосипедші 30 км аралықты жүруі керек еді. Ол белгіленген мерзімнен 3 минут кеш шыққандықтан жылдамдығы 1 км/сағ арттырып, баратын жеріне дәл уақытында келді. Велосипедші қандай жылдамдықпен жүрді.
Жауабы: 25 км/сағ
25. Жүк машинасының 3 сағатта жүрген жолын, жеңіл машина 2 сағатта жүреді. Егер жеңіл машина жылдамдығын 30 км/сағ-қа кемітсе, онда ол бір сағатта жүк машинадан 10 км кем жүреді. Машиналардың жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 60 км/сағ, 40 км/сағ
26. Жаяу адам 10 км жолды белгілі бір жылдамдықпен жүру керек еді, бірақ ол жылдамдығын 1 км/сағ арттырып, 10 км жолды 20 мин тезірек жүріп өтті. Жаяу адамның алғашқы жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 5 км/сағ
27. Пороход өзен ағысымен 3 сағатта жүріп өткен жолын қайтар жолында 5 сағатта жүріп өткен. Өзен ағысының жылдамдығы 5 км/сағ. Пороходтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 20 км/сағ
28. А және В станцияларының арасын жүк поезына қарағанда жолаушы поезы 36 мин тезірек жүріп өтеді. Егер жолаушы поезының орташа жылдамдығы 60 км/сағ, ал жүк поезының орташа жылдамдығы 48 км/сағ болса, онда екі станцияның ара қашықтығын табыңыз.
Жауабы: 144 км
29. Егер пороход кездескеннен кейін бірі оңтүстікке, ал екіншісі батысқа қарай кетті. Екі сағат өткеннен кейін олардың ара қашықтығы 60 км болды. Егер біреуінің жылдамдығы екіншісінен 6 км/сағ артық боса, онда олардың әрқайсысының жылдамдықтары қандай болғаны?
Жауабы: 18 км/сағ, 24 км/сағ
30. Саяхатшы 105 км жолды күніне бірдей жол жүре отырып, бірнеші күнде жүріп өтті. Егер осы саяхатына тағы да 2 күн қосып алса, ол күніне 6 км аз жүрген болар еді. Саяхат неше күнге созылды?
Жауабы: 5 күн
31. Мотоциклші 5 сағатта велосипедшының 4 сағатта жүрген жолын 259 км артық жүреді. 10 сағатта велосипедші мотоциклшінің 2 сағатта жүретін жолынан 56 км артық жүрді. Велосипедшінің жылдамдығы қандай?
Жауабы: 19 км/сағ
32. А және В пунктерінен бір мезгілде бір-біріне қарсы мотоциклші мен велосипедші шықты. Олар В пунктінен 4 км қашықтықта кездесті. Ал мотоциклші В пунктіне жеткен кезде велосипедші А пункітінен 15 км қашықтықта еді. А және В пунктерінің ара қашықтығын табыңыз.
Жауабы: 20 км
33. Екі мотоциклші бір мезгілде бір-біріне қарсы А мен В пунктерінен шыққан. Олардың ара қашықтығы 600 км. Бірінші мотоциклші 250 км жер жүргенде екіншісі 200 км жүреді. Бірінші мотоциклші В-ға екіншінің А-ға жеткен уақытынан 3 сағ бұрын жетеді. Олар бір қалыпты қозғалады деп есептеп, мотоциклшілердің қозғалыс жылдамдықтарын табыңыз.
Жауабы: 40 км/сағ, 50 км/сағ
34. Бір мезгілде А-дан В-ға және В-дан А-ға қарай бір-біріне қарама-қарсы екі автокөлік шықты. Екеуі кездескеннен кейін әлі де олардың біреуіне 2 сағаттық, ал екіншісіне сағаттық жол қалған еді. Егер А мен В-ның арасы 210 км болса, онда олардың жылдамдықтары қандай?
Жауабы: 60 км/сағ, 80 км/сағ
35. Екі желаяқ араларына 2 минут интервал тастап, бірінен соң бірі жүгіріп кетті. Старт берілген нүктеден 1 км қашықтықта екіншіні қуып жетті де, 5 км қашықтыққа жүгіріп барып, кері қайтты. Осы жолда ол бірінші желаяқпен кездесті. Бұл кездесу бірінші желаяққа старт берілген уақыттан 20 минуттан кейін болған еді. Екінші желаяқтың жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 20 км/сағ.


Жұмысқа байланысты мәселе есептер

1. Егер екі насос бірге жұмыс істесе ыдысты 4 сағатта суға толтырады. Егер әрқайсысы жеке-жеке жұмыс істесе, 1-ші насос ыдысты 2-ге қарағанда 6 сағ аз уақытта толтырады. 1-ші насос жеке жұмыс істегенде ыдысты қанша сағатта суға толтырады?
Жауабы: 6 сағ
2. Екі жұмысшы бірлесе жұмыс істеп 7 күнде жұмыстың 75% атқарды. Олар жұмысты 10 күнде бітіргенімен 2-ші жұмысшы соңғы 2 күн жұмысқа шықпаған болса, әрқайсысы осы жұмысты жеке-жеке орындағанда қанаш уақытта бітіреді?
Жауабы: 14; 28
3. Екі кран бірлесе жұмыс жасай отырып, баржадағы жүкті 6 сағатта түсіріп болды. Егер олардың біреуі екіншісіне қарағанда жүкті 5 сағат ерте түсіретін болса, онда олардың әрқайсысы жүкті неше сағатта түсіріп болар еді?
Жауабы: 10 сағ; 15 сағ
4. Екі бригада орындықтар жасады, сонда бірінші бригада 65 орындық, ал екінші бригада 66 орындық жасады. Бірінші бригада бір күнде екіншіден екі орындық артық, бірақ одан бір күн кем жұмыс жасады. Екі бригада бірлесе отырып, бір күнде қанша орындық жасады?
Жауабы: 24
5. Бірінші жұмысшы жұмысты 10 күнде бітіреді, ал екінші жұмысшы сол жұмысты 15 күнде бітіре алады. Екеуі бірлесіп, осы жұмысты неше күнде бітіреді?
Жауабы: 6
6. Екі құбыр бассейінді 7,5 сағатта толтырады. Бірінші құбыр жеке өзі бассейінді екінші құбырға қарағанда 8 сағат бұрын толтыра алады. Бірінші құбыр жеке өзі бассейінді неше сағатта толтырады?
Жауабы: 12 сағ
7. Бір жылқы мен екі сиырға күн сайын 34 кг шөп беріледі, ал екі жылқы мен бір сиырға 35 кг шөп беріледі. Күн сайын бір жылқыға қанша кг және бір сиырға қанша кг шөп беріледі?
Жауабы: 12 кг; 11 кг
8. Трактор бригадасы егістік жерді жоспар бойынша 14 күнде жыртып болуы керек еді. Бригада күн сайын жоспардағыдан 5 га артық жыртқандықтан, жер жыртуды екі күн бұрын аяқтады. Егістік жердің ауданын табыңыз.
Жауабы: 420 га
9. Токарь және оның шәкірті бір кезекте 65 деталь жасап шығарды. Егер токарь жоспардан 10%, ал шәкірті - 20% артық жасайтын болса, онда олар 74 деталь жасап шығарады. Жоспар бойынша бір кезекте токарь және оның шәкірті қанша деталь жасап шығарады?
Жауабы: 40; 25
10. Бір уақытта ашылған екі кран бассейннің бөлігін 18 минутта толтырады. Егер оның біреуі екіншісінен бассейінді 18 мин тезірек толтыратын болса, онда әр кран жеке-жеке бассейінді қанша уақытта толтыра алады?
Жауабы: 36 мин; 54 мин
11. Қайықшы 16 км қашықтықты өзеннің ағысы бойымен, ағысқа қарсы жүруге кеткен уақытқа қарағанда 6 сағатқа тезірек жүріп өтеді, сонымен қатар ағынсыз судағы қайықтың жылдамдығы өзен ағысы жылдамдығынан 2 км/сағ-қа артық. Қайықтың тынық судағы жылдамдығын және өзен ағысының жылдамдығын табу керек.
Жауабы: 5 км/сағ; 3 км/сағ
12. Егер берілген тік теңбүйірлі үшбұрыштың катетінің біреуін 2 есе өсіріп, ал екіншісін 2 см кәшәрейтсек, онда үшбұрыштың ауданы 6 см2 артар еді. Берілген үшбұрыштың катеттерінің ұзындығын табыңыз.
Жауабы: 6
13. Турист өзен ағысымен 90 км-ді қайықпен жүзді де, қалған 10 км-ді жаяу жүріп өтті. Оның жаяу жүріп өткен уақыты, қайықпен жүзуге кеткен уақытынан 4 сағ-қа кем еді. Егер турист қайықпен жүзіп өткен уақытындай жаяу жүрсе, ал жаяу жүріп өткен уақытындай қайықпен жүзсе, онда олардың жүрген жолдары біріне-бірі тең болар еді. Турист қанша уақыт жаяу жүрді және қанша уақыт қайықпен жүзіп өтті.
Жауабы: 2 сағ; 6 сағ
14. Сыйымдылығы 10 мың литрлік ыдысқа екі насос арқылы бензин құйылады. Екінші насос біріншіге қарағанда минутына 10 л бензин кем құяды. 10 минутта ыдыс 50%-ке толтырылды. Әр насос қанша литрден бензин құйды?
Жауабы: 2550 л; 2460 л
15. Токарь 3 күн жұмыс істеп, 208 деталь дайындады. Бірінші күні ол нормасын орындап, екінші күні нормадын 15% асыра орындады, ал үшінші күні екінші күнге қарағанда 10 детальға артық дайындады. Токарь әр күн сайын қанша детальдан дайындап еді?
Жауабы: 60; 69; 79
16. Ағаш дайындай жұмысына үш бригада қатысты. Бірінші бригада барлық жұмысшылардың 36% бөлігі, ал екінші бригада біріншіге қарағанда 72 адам артық болды. Қалған 124 жұмысшы үшінші бригадада еді. Үш бригадада барлығы неше жұмысшы бар?
Жауабы: 700
17. Құрамындағы никельдің мөлшері 5% және 40% болатын болаттың екі түрлі сорты бар. Құрамындағы никельдің мөлшері 30% болатын 140 т болат алу үшін екі сорттың әрқайсысының неше тоннадан алу керек?
Жауабы: 40 т; 100 т
18. Екі қапта 140 кг ұн бар. Егер бірінші қаптан 12,5% ұнды екіншісіне ауыстырып салса, онда екі қаптағы ұн бірдей болады. Әр қапта қанша кг ұн бар?
Жауабы: 80 кг; 60 кг
19. Ағаш кесушілер бригадасы үш күнде 184 куб.метр отын дайындады. Бригада бірінші күні жоспарлағаннан 14 куб.метр артық, ал екінші күні 2 куб.метр кем отын дайындады. Үшінші күні бригада жоспарды 16 куб.метр асыра орындады. Бригада жоспар бойынша күніне неше куб.метр отын дайындауға тиіс.
Жауабы: 52 куб.метр
20. Құс фермасында қаздар үйрекке қарағанда 2 есе көп. Біраз уақыттан кейін қаздар саны 20%-ке, ал үйрек саны 30%-ке өсті. Сонда қаздар мен үйректер саны барлығы 8400-ге өскені анықталды. Құс фермасында қаздардың және үйректердің саны өскеннен кейін қанша болды?
Жауабы: 28800 қаз; 15600 үйрек
21. Сауыншы бірінші жылы екі сиырдан барлығы 8100 л сүт алды. Келесі жылы бірінші сиырдан алатын сүттің мөлшері 15%-ке, ал екінші сиырдан алатын сүттің мөлшері 10%-ке артты. Сондықтан сауыншы екінші жылы осы екі сиырдан 9100 л сүт алды. Бірінші жылы сауыншы әр сиырдан неше л-ден сүт алды?
Жауабы: 3800 л; 4300 л
22. Үш жәжікте барлығы 64,2 кг қант бар. Екі жәшіктегі қанттың мөлшері бірінші жәшіктегінің бөлігіндей, ал үшінші жәшіктегі қанттың мөлшері екіншісіндегінің 42,5%-ін құрайды. Әрбір жәшікте неше кг қант бар?
Жауабы: 30; 24; 10,2
23. Жер шарында дайындалатын барлық ағаштың 33% құрылыс қажетіне жұмсалады. Құрылысқа жұмсалатыннан есе артық ағаш отын ретінде пайдаланылады. Қалған 144 миллион тонна ағаш басқа қажеттерге жұмсалды. Жер шарында барлығы қанша ағаш дайындалады?
Жауабы: 1200 млн.т.
24. Өзен ағысының жылдамдығы 2,2 км/сағ. Катердің өз жылдамдығы 15,3 км/сағ. Егер өзен ағысымен 3 сағат, ал өзен ағысына қарсы 4 сағат жүрсе, онда катер қандай жол жүргені?
Жауабы: 104,9 км
25. Ұшақ Алматыдан Гановверге ұшып келгенде өзінің ұшар алдындағы салмағының 8%-ін жоғалтады. Егер ұшақтың Ганновердегі салмаға 11040 кг болса, онда ұшар алдындағы салмағы қандай болған?
Жауабы: 12 т
26. Екі кран бірлесіп баржаның жүгін 6 сағатта түсіреді. Егер әр кран жеке жұмыс істегенде, біріншісі екіншісінен 5 сағат бұрын түсіретін болса, онда әр кран баржаны қанша уақытта түсіреді?
Жауабы: 10 сағ; 15 сағ
27. Бір жұмысшы өзінің нормасын 6 сағатта, екіншісі 5 сағатта, үшіншісі 4 сағатта орындайды. Олар белгілі бір уақыт бірге істеп 750 деталь дайындады. Әрқайсысы қанша деталь әзірледі?
Жауабы: 200, 250, 300
28. Екі бригада ағаш отырғызды. Әр күні бірінші бригада екіншіге қарағанда 40 ағаш артық отырғыза жүріп, барлығы 270 ағаш отырғызды. Екінші бригада біріншіге қарағанда 2 күн істеп барлығы 250 ағаш отырғызды. Әр бригада неше күн жұмыс істеді?
Жауабы: 3 күн; 5 күн
29. Бакты екі шүмек бірлесе отырып 3 сағатта толтырады. Бірінші шүмек бакты екіншіге қарағанда 8 сағат жайырақ толтырады. Бакты әр шүмек жеке-жеке неше сағатта толтырады?
Жауабы: 12 сағ; 4 сағ
30. Екі бригада орындықтар жасады, сонда бірінші бригада 65 орындық, ал екінші бригада 66 орындық жасады. Бірінші бригада бір күнде екіншіден екі орындық артық, бірақ одан бір кем жұмыс жасады. Екі бригада бірлесе отырып бір күнде қанша орындық жасады?
Жауабы: 24
31. Белгілі жұмысты бір ұста 12 күнде, сол жұмысты екінші ұста 6 күнде бітіреді. Екі ұста бірігіп сол жұмысты неше күнде бітіреді?
Жауабы: 4 күнде
32. Мастер үш күнде 48 деталь жасады. Бірінші, екінші, үшінші күндері жасалған детальдар саны 5, 4 және 3 сандарына пропорционал. Алғашқы екі күнде мастер қанша деталь жасалған?
Жауабы: 36
33. Қандай да бір жұмысты екі жұмысшы бірігеп 12 күнде бітіре алады. Бірлесіп 8 күн жұмыс істегенен кейін, біреуі ауырып қалады, содан екіншісі жалғыз істеп, жұмысты 5 күнде бітірді. Әрқайсысы жеке-жеке жұмыс жасағанда, бұл жұмысты неше күнде бітірер еді?
Жауабы: 60; 15
34. Бассейн екі труба арқылы 6 сағатта толтырылады. Бірінші труба жалғыз өзі екіншісіне қарағанда 5 сағат ерте толтырады. Әрбір труба жеке-жеке алғанда бассейінді неше сағатта толтырар еді?
Жауабы: 10 сағ және 15 сағ
35. Екі труба бірігіп бассейінді 6 сағатта толтырады. Бірінші труба екіншіге қарағанда сағатына 50% артық су ағады. Әр труба жеке-жеке алғанда бассейінді қанша сағатта толтыра алады?
Жауабы: 15 сағ; 10 сағ
36. Бір бассейінде 200 м3 су бар да, ал екіншісінде 112 м3 су бар. Бассейіндерді толтыру үшін крандарды ашып қойған. Егер екінші бассейінге, біріншіге қарағанда 22 м3 су артық құйылатын болса, неше сағаттан кейін екі бассейін су мөлшері бірдей болады?
Жауабы: 4 сағ
37. Бассейәндегі суды бір сағат бойы қалыпты ағызғаннан кейін, онда 400 м3 су қалған, ал тағы үш сағаттан кейін 250 м3 су қалған. Бассейнде қанша су болған еді?
Жауабы: 450 м3
38. Қуаттарды әр түрлі екі насос бірлесе жұмыс істей отырып, бассейінді 4 сағатта толтырады. Бірінші насосқа бассейінді жартылай толтыру үшін екінші насосқа бассейіннің бөлігін толтыруға кететін уақыттан 4 сағат артық уақыт қажет. Әр насос жеке жұмыс жасағанда бассейінді неше сағатта толтырар еді?
Жауабы:16 сағ; сағ.
Химиялық концентрацияға байланысты мәселе есептер

1. Құрамындағы йод 1% болатын 300 г спирт бар. Құрамындағы йод 10%-тен аспайтын болу үшін осы спиртке қанша грамм йод қажет?
Жауабы: 02. 50%-тік қышқыл ерітіндісін алу үшін 30 г 15%-тік қышқыл ерітіндісіне 75%-тік сол қышқыл ерітіндісін қосу керек. Қосатын 75%-тік қышқыл ерітіндісінің мөлшерін табыңыз.
Жауабы: 42 г
3. Бір ерітіндіде 30% (көлемі бойынша) азот қышқылы, ал екіншісінде 55% азот қышқылы бар. 50%-тік 100 литр азот қышқылының ерітіндісін алу үшін, бірінші және екінші ерітінділерден қаншадан алуымыз керек?
Жауабы: 20 л; 80 л
4. Цестернаға 38 л бензин құйғаннан соң, цестернаның 5%-нің толмағаны байқалды. Цестерна толық толтырулы үшін қанша бензин құйылуы керек?
Жауабы: 2 л
5. 36 кг мыс пен мырыш қорытпасының 45%-і мыс. Қорытпада 60%-тік мыс болу үшін, қорытпаға қанша мыс қосу керек?
Жауабы: 13,5 кг
6. 15 литр 10%-тік тұз ерітіндісіне 5%-тік тұз ерітіндісі араластырылып, 8%-тік ерітінді алынған. Қанша литр 5%-тік ерітінді қосылған?
Жауабы: 10 л
7. Қалайы мен қорғасын қорытпасының салмағы 15 кг. Қалайының салмағы қорғасын салмағының -іне тең болса, қорытпадағы қалайы мен қорғасынның әрқайсысының салмағын табыңыз.
Жауабы: 9,375 кг; 5,625 кг
8. Құрамында никель 5% және 40% болатын екі сорт болат сынақтары бар. Құрамында 30%никелі бар 140 т болат алу үшін әр сорттан қанша болат алу керек?
Жауабы: 40 т; 100 т
9. Массасы 10 кг қоспада никель және бірдей мөлшерде төрт түрлі металл бар. Олардың ішінде темір де бар. Қоспаның құрамында қанша темір бар?
Жауабы: 500 г
10. Металдардың суда салмағы өзгеретіні белгілі. 36 г мырыштың судағы салмағы 31 г, ал 23 г қорғасынның судағы салмағы 21 г болды. Массасы 292 грамнан тұратын мырыш пен қорғасынның қорытындысының судағы салмағы 261г. Қорытпада қанша мырыш және қорғасын бар екенін табыңыз.
Жауабы: 108 г мырыш және 184 г қорғасын
11. Алтын мен күмістің екі балқымасы бар. Бір балқымадығы бұл металдардың мөлшері 2:3 қатынасындай да, ал екіншісінде 3:7 қатынасындай. Алтын мен күміс 5:11 қатынасында енетіндей 8 кг жаңа балқыма шығарып алу үшін, әр балқымадан қанша алу керек?
Жауабы: 1; 7
12. Бір бөшкеде спирт пен судың қоспасы 2:3 қатынасындай, ал екіншісі 3:7 қатынасындай. Спирт пен су 3:5 қатынасында енетіндей 12 шелек қоспа алу үшін, әр бөшкеден қанша шелектен алу керек?
Жауабы: 9; 3
13. Теңіз суының құрамында 5% тұз бар (массасы бойынша). 80 кг теңіз суына, ондағы тұздың мөлшері 4% болу үшін қанша тұщы су құю керек?
Жауабы: 20 кг.

Бүтін сандық мәселе есептер

1. Екі санның айырмасы 6-ға тең, біріншісінің 30%-і екіншісінің 42%-не тең. Осы сандарды табыңыз.
Жауабы: 21; 15
2. Тізбектес екі натурал санның көбейтіндісі олардың кішісінен 2 есе үлкен. Осы сендарды табыңыз.
Жауабы: (1; 2)
3. Тізбектер үш натурал сандардың көбейтіндісі олардың ортасындағы саннан 3 есе үлкен. Осы сандарды табыңыз.
Жауабы: (1; 2; 3)
4. Егер тізбектес 5 бүтін санның алғашқы үшеуінің квадраттарының қосындысы соңғы екеуінің квадраттарының қосындысына тең екені белгілі болса, осы санды табыңыз.
Жауабы: (10; 11; 12; 13; 14), (-2; -1; 0; 1; 2)
5. 160 метрлік канализациялық жүйені іске қосу үшін ұзындығы 800 мм және 1200 мм 150 керамикалық трубалар пайдаланылды. Осы трубалардың әрқайсысынан қанша алынды?
Жауабы: 50; 100
6. Салымшы жинақ кассадан салынған ақшасының алдымен бөлігін, келесі жолы қалған ақшасының бөлігін және 640 теңге алды. Содан кейін жинақ кітапшасында барлық ақшасының бөлігі қалды. Алғашқыда салған ақшасы қанша теңге еді?
Жауабы: 2400 теңге
7. Екі санның геометриялық ортасы кішісінен 12-ге артық, ал сол сандардың арифметикалық ортасы үлкенінен 24-ке кем. Осы сандарды табыңыз.
Жауабы: 6 және 54
8. А нүктесінде тұрған ит өзінен 30 м жерде тұрған түлкіні қуды. Ит бір секіргенде 2 м, ал түлкі бір секіргенде 1 м жерге барады. Түлкі үш рет секірген уақытта ит екі рет секіреді. Ит А нүктесінен қандай қашықтықта түлкіні қуып жетеді.
Жауабы: 120 м
9. 60 тонна жүкті тасу үшін бірнеше машина заказ берілген еді. Әрбір машинаға 0,5 тонна кем тиелгендіктен қосымша тағы да 4 машина қажет болды. Алғашқыда неше машина заказ берілген еді?
Жауабы: 20
10. Екі санның қосындысы 21, ал олардың көбейтіндісі 90. осы сандарды табыңыз.
Жауабы: 6 және 15
11. Сыныптағы әр оқушы сыныптағы өз жолдастарын мейраммен құттықтауды ойлады. 1332 құттықтау ашық хат жолдаған болса, сыныпта қанша оқушы болғаны?
Жауабы: 37
12. Математикадан бақылау жұмысын жазған сынып оқушыларының 12%-і есептерді мүлде шығара алмады, 32%-і шығарған есептерде қателер жіберді, ал қалған 14 оқушы дұрыс шығарды. Сыныпта қанша оқушы болды?
Жауабы: 25
13. 45 т жүкті тасымалдау үшін бірнеше жүк машинасына тапсырыс берілген. Бірақ базадан жүк көтерімділігі 2 т машиналар бөлгендіктен, бұрынғыдан 6 машина артық алынған. Жүкті неше машина тасыды?
Жауабы: 15
14. Айлақта екі орындық және үш орындық барлығы 6 қайық тұрған еді. Осы қайықтарға 14 адам орналастыруға болады. Айлақта неше екі орындық қайық, неше үш орындық қайық қайық тұрған еді.
Жауабы: 4 және 2
15. Турбазадағы шатырлар мен үйлердің жалпы саны 25. Әр үйде 4 адам, ал әр шатырда 2 адам тұрады. Турбазада барлығы 70 адам демалып жатқандығы белгілі болса, онда қанша үй және қанша шатыр бар екендігін табыңыз.
Жауабы: 10 үй, 15 шатыр
16. Оқушылардың екі тобы әрқайсысы 24 теңгеден төлеп, театрға билет алды. Бірінші топтың әр билеті екінші топтың әр билетінен 20 тиын қымбат болғандықтан, олар екінші топқа қарағанда 10 билет кем алды. Бірінші топ қанша билет сатып алды?
Жауабы: 30 билет
17. Екі санның қосындысы 2490. Егер оның біреуінің 8,5%-і екіншісінің 6,5%-не тең болса, онда осы сандарды табыңыз.
Жауабы: 1079; 1411
18. Жұмысшылар бригадасы 360 деталь дайындап шығуы керек еді. Күніне белгіленген жоспарынан 4 детальды артық жасағандықтан бригада барлық тапсырманы белгіленген мерзімнен 1 күнге ерте бітірді. Осы тапсырманы орындауға бригада қанша күн жұмсады?
Жауабы: 7 күн
19. Екі орынды санның цифрларының қосындысы 12 тең. Егер осы санның цифрларының орындарын ауыстырса, онда жаңа құрылған сан алғашқысынан 18-ге артық болмақ. Алғашқы санда табыңыз.
Жауабы: 57
20. Бір сан екіншісінен 4-ке артық. Ал олардың квадраттарының айырмасы 56-ға тең. Осы сандарды табыңыз.
Жауабы: 12 және 9
21. Бір сан екінші саннан 5-ке кем. Кіші сан квадраты мен үлкен сан квадратының айырмасы 85-ке тең. Осы сандарды табыңыз.
Жауабы: -6 және -11
22. Тік төртбұрыш периметрі 26 см, ауданы 36 см2. Қабырғалар ұзындығын табыңыз.
Жауабы: 4 см және 9 см
23. Тік төртбұрыш ауданы 14 см2, ал бір қабырғасы екіншісінен 5 см артық болса, онда қабырғалар ұзындықтары қандай болғаны?
Жауабы: 2 см және 7 см
24. Ауданы 84 см2 тік төртбұрыштың бір қабырғасы екіншісінен 5 см ұзын. Қабырғаларын табыңыз.
Жауабы: 12 см және 7 см
25. Екі санның қосындысы 120, ал айырмасы 5. осы сандарды табыңыз.
Жауабы: 62,5 және 57,5
26. Екі натурал санның біреуі екіншісінен 4-ке кем, ал көбейтіндісі 192-ге тең. Осы натурал сандарды табыңыз.
Жауабы: 16 және 12
27. 135 м-лік сым екі бөлікке бөлінді. Бұл сымның бір бөлігі екіншісінен 2 есе ұзін. Осы бөліктердің ұзындығын табыңыз.
Жауабы: 45 м; 90 м
28. Үш дәптер және бес блокнотқа 49 теңге төленді. Егер екі дәптер үш блокноттан 1 теңге қымбат болса, онад дәптер мен блокноттың жеке-жеке бағалары қанша?
Жауабы: 8 теңге, 5 теңге
29. 72 санын 12,5% кемітіңіз.
Жауабы: 63
30. Жанат пен Раушан саңырауқұлақтар терді.
-Раушан, сенде қанша саңырауқұлақ бар?-деп сұрады Жанат.
-30,-деді Раушан.
-Ал сенде ше?
-Сенде қанша болса менде сонша, тағы барлық жиналған саңырауқұлақтың үштен бір бөлігі деп жауап берді Жанат.
Сонда жанатта қанша саңырауқұлақ болғаны?
Жауабы: 60
31. Белгісіз сан мен оның йифрларының қосындысының көбейтіндісі 144 болса, бірлігі ондығынан екіге артық екі таңбалы санда табыңыз.
Жауабы: 24
32. Егер екі еселенген бірінші мен үш еселенген екінші санның қосындысы 23, ал төрт еселенген екінші сан үш еселенегн біріншісінен 8-ге артық болса, онда әрбір сан қаншаға тең?
Жауабы: 4; 5
33. Мектеп бітірушілер бір-біріне суреттерін сыйлады. Егер 870 сурет алмастырылған болса, мектеп бітірушілер саны қанша болғаны?
Жауабы: 30
34. Екі санның геометриялық ортасы, кішісінен 12-ге артық, ал сол сандардың арифметикалық ортасы үлкенінен 24-ке кем. Осы сендарды табыңыз.
Жауабы: 6 және 54
35. 60 тонна жүкті тасу үшін бірнеше машина тапсырыс берілген еді. Әрбір машинаға 0,5 тонна кем тиегендіктен қосымша тағы да 4 машина қажет болды. Алғашқыда неше машинаға тапсырыс берілген еді?
Жауабы: 20
36. Әкесіне 50 жас, ал ұлына 20 жас. Бұдан неше жыл бұрын әкесі ұлынан 3 есе үлкен болып еді?
Жауабы: 5
37. Екі тізбектес натурал санның квадраттарының қосындысы сол сандардың көбейтіндісінен 57-сі артық. Осы сандарды табыңыз.
Жауабы: 7 және 8
38. Студент емтиханға дайындық кезінде оқулықтың 120 бетін оқыды, ал бұл барлық кітаптың 75%-ін құрайды. Оқулықта қанша бет бар?
Жауабы: 160
39. Тасбақа өзенге дейін 4 сағат жорғалап барды, сол 4 сағаттың әрбір келесі сағатында алдында жүрген жолындағыдан екі есе аз жол жорғалап отырды. Егер оның барлық жүрген жолы 90 м болса, онда алғашқы бірінші сағатында қанша жол жүргенін табыңыз.
Жауабы: 48 м
40. Екі таңбалы натурал сан мен оған кері тәртіппен жазылған екі таңбалы санның квадраттарының айырмасы 495-ке тең. Осы сандардың қосындысын табыңыз.
Жауабы: 55
41. Қандай да бір берілген екі таңбалы сан өзінің цифрларының қосындысынан 9-ы артық, ал сол санның квадраты екінші цифырының квадратынан 180-і артық. Берілген санның квадраты неге тең?
Жауабы: 196
42. Тізбектес екі натурал санның көбейтіндісі 182-ге тең. Осы сандардың қосындысын табыңыз.
Жауабы: 27
43. Екі санның айырмасы 2, ал олардың квадраттарының айырмасы 16. осы сандарды табыңыз.
Жауабы: 5 және 3
44. Үш таңбалы сан 3 цифрымен аяқталады. Егер осы цифрды солға, яғни басына апарып қойса, онда үш еселенген санның 1-і артық болатындай жаңа сан пайда болды. Осы санды табыңыз.
Жауабы: 103
45. Үш күнде 1400 кг картоп сатылды. Бірінші күні екінші күнге қарағанда 100 кг аз, ал үшінші күні бірінші күні сатылған картоптың сатылды. Әрбір күні қанша килограмм картоп сатылды?
Жауабы: 500; 600; 300
46. Тек бір ғана цифрлардын тұратын екі таңбалы жай сандардың айырмасы толық квадратқа тең болатын болса, онда осы сандарды табыңыз.
Жауабы: 73; 37
47. Ізделінді сан 400-ден артық, ал 500-ден кем. Оның цифрларының қосындысы 9-ға тең және сол цифрлармен кері тәртіпке жазылған санның бөлігіне тең екендігі белгілі. Ізделінді санды табыңыз.
Жауабы: 423.

Аралас мәселе есептер

1. Оқушының үйінен мектепке дейін 700 м болады. Оқушының ағасының адымы інісінің адымынан 20 см артық болғанықтан, ол үйден мектепке дейін інісінен 400 адым кем аттайды. Оқушы мектепке дейін неше адым аттайды?
Жауабы: 1400
2. 20 дана бірінші том мен 30 дана екінші томның бағасы 15000 теңге. Бірінші томның бағасы 15%-ке, ал екінші томды 10%-ке кеміткеннен соң 13200 теңге төлеу керек. Бірінші томның және екінші томның бағасын табыңыз.
Жауабы: 300 тг; 300 тг
3. Факультетте 360 қыз оқиды. Егер ер балалар барлық студенттің 52%-ін құраса, факультетте барлығы қанша студент бар?
Жауабы: 750
4. Комбайншы жоспарды 15%-ке асыра орындады және 230 га жердің егінін жинады. Комбайыншы жоспар бойынша қанша га егін жинау керек еді?
Жауабы: 200 га
5. Кептірілген жүзім алғашқы салмағының 32% құрайды. 2 кг кептірілген мейізді алу үшін қанша кептірілмеген жүзім керек?
Жауабы: 6,25 кг
6. Бір сағатта автоматты станок 240 деталь жасап шығарады. Осы станокты жаңа өңдеуден өткізгеннен кейін ол сағатына 288 деталь жасап шығаратын болды. Станоктың жұмыс жасау өнімділігі қанша процентке артты?
Жауабы: 20 %
7. 30 ерлер көйлегі мен 25 әйел көйлектеріне 14750 теңге төлеу керек. Ерлер көйлегі 20%-ке, ал әйелдер көйлегі 10%-ке арзандатылған кейін, әйелдер көйлегі мен ерлер көйлегі үшін төленетін ақшаның айырмашылығы 3075 теңге болды. әйелдер және ерлер көйлегінің бағасын анықтаңыз.
Жауабы: 350 теңге; 200 теңге
8. Рельстен ұзындығының 72%-ін құрайтын бір бөлігі кесіліп алынды. Қалған бөлігінің салмағы 45,2 кг. Кесіліп алынған бөліктің салмағын табыңыз.
Жауабы: кг
9. Сағат тілдері секіріссіз қозғалады деп есептесек, сағат 4-ті көрсеткеннен кейін, қанша уақытта минут тілі сағат тілін қуып детеді.
Жауабы: мин
10. Саяхатқа шығу үшін ақша жинау керек еді. Егер әр саяхатшы 75 теңгеден өткізсе, барлық шығынға 440 теңге жетпейді, егер әрқайсысы 80 теңгеден өткізсе, онда

Категория: Оқушыларға

 

"Сарыарқа" жалпы орта мектебі"

Автор: admin от 20-04-2016, 01:01, посмотрело: 1105

0 Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 18 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 ақпанда № 13067 болып тіркелді

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған орта білім беру ұйымдарындағы сынып жетекшілігі туралы ереже бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына» жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өткеннен кейін он күн ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Сәрінжіпов







Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 12 қаңтардағы
№ 18 бұйрығымен бекітілген


Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ереже

1. Жалпы ережелер
1. Осы орта білім беру ұйымдарындағы сынып жетекшілігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Ереже сыныптағы білім алушылардың оқу-тәрбие процесі шеңберіндегі қызметін үйлестіру бойынша педагог қызметкерге (бұдан әрі – сынып жетекшісі) жүктелген функцияларды айқындайды.
3. Сынып жетекшісі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңдарына және білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
4. Сынып жетекшісінің қызметі – білім беру ұйымының жарғысы, білім алушыларға білім берудің өзекті міндеттері, жаңартылған мазмұны, әдіснамасы, сондай-ақ тәрбие нысандары ескерілген тұлғалық бағдарлы тәсіл негізінде құрылған мақсатқа сай бағытталған, жүйелі, жоспарланған процесс.
5. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын ұйымдастыру саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеріп, жоғары өнегелілік қасиеттерге ие бола, білім алушыларды жігерлендіріп, оларға қолдау көрсетіп және биік адами мұраттарға бағыттайды.
Сынып жетекшісіне тағайындауға кандидатураларды іріктеуді білім беру ұйымының әкімшілігі жүзеге асырады, кейін басшының бұйрығымен бекітіледі.
6. Сынып жетекшісі қызметіне бақылауды жалпы орта білім беру ұйымы басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.
7. Білім беру процесінің қатысушылары білім беру ұйымдарының әкімшілігі, педагогтер, сынып жетекшілері, білім беру ұйымдарындағы жұмыскерлер (мектептің медициналық қызметкерлері, психологтар, логопедтер), білім алушылар, олардың ата-аналары және өзге де заңды өкілдері болып табылады.

2. Сынып жетекшісі қызметінің мақсаты мен міндеттері
8. Сынып жетекшісі қызметінің мақсаты – білім алушының азаматтық өзіндік санасын, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын, өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі іске асыруын қалыптастыруы, оның тұлғалық өзін-өзі анықтауы, қоғамда табысты әлеуеттенуі мен бейімделуі үшін, білім алушылардың шығармашылығын дамыту, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдай жасау.
Жалпы орта білім беру мазмұнында базалық құндылықтар: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылдық, ашықтық, өмір бойы білім алу болып табылады.
9. Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері:
1) сынып активін қалыптастыру;
2) әр білім алушының тұлғасын дамыту, өзін-өзі таныту, оның әлеуеттік қабілеттерін ашу және қайталанбастығын сақтау үшін қолайлы психологиялық-педагогикалық жағдай жасау;
3) білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
4) сыныпта білім алушылармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру;
5) тұлғаның шығармашылық, рухани, табиғи мүмкіндіктерін дамыту;
6) салауатты өмір салтына ынталандыру;
7) оқушыларда адамгершілік-өнегелік және рухани қасиеттерді қалыптастыру, толеранттылыққа баулу;
8) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
9) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
10) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
11) оқушылардың бойында ұжымдық пен басқаларға жауапкершілік, және сезімдік, достық тұрғысынан топта жұмыс істеуде қабілеттілігін қалыптастыру;
12) балаларға арналған қауіпсіз ортаны қалыптастыру.

3. Сынып жетекшісінің функциясы
10. Сынып жетекшісінің функциялары.
1) Ұйымдастыру-үйлестіру функциялары:
сынып ұжымын дамытудың талдауына, жай-күйіне және даму перспективасына қарай, құрастырылған орта білім беру ұйымының тәрбие жұмысы жоспарын ескере отырып сынып жетекшісі қызметінің жоспарын әзірлеу. Тәрбиелік қызметтің нәтижелерін болжау;
педагогикалық қызметкерлермен және білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының басқа қызметкерлерімен, білім алушылардың ата-аналарымен және басқа заңды өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау, оларға білім алушыларды тәрбиелеуде көмек көрсету (жеке, психолог, әлеуметтік педагог, қосымша білім беру педагогы арқылы);
жалпымектептік ұжым қызметі шеңберінде білім алушылар тұлғасының оң әлеуетін дамыту үшін тиімді білім беру процесін ұйымдастыру;
білім алушылардың орта білім беру ұйымында және мектептен тыс ұйымдарда сабақтан тыс уақытта, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі (үйірмелерге, байқауларға, викториналарға, олимпиадаларға, байқауларға қатыстыру, экскурсиялар ұйымдастыру, театрларға, көрмелерге бару) арқылы алған түрлі қызметін ынталандыру және ескеру;
білім алушылармен, олардың ата-аналарымен және басқа заңды өкілдерімен оқыту жұмысын ұйымдастыру;
халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды анықтау, есепке алу және жұмыс жүргізу;
білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына, мамандықты саналы таңдауына ықпал ету.
сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестік жұмысына қатысуы;
тәрбие жұмысын сынып ұжымымен жоспарлау, білім алушылармен, олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен жүргізілетін жеке жұмыс жоспарын әзірлеу;
жалпымектептік жоспарлаудың негізгі қағидаттарының орындалуын ескере отырып, сыныппен жүргізілетін тәрбие жұмысын жоспарлау нысандарын анықтауға;
сыныпта тәрбие процесін ұйымдастыруға пән мұғалімдерін, білім алушылардың ата-аналарын және өзге де заңды өкілдерін, басқа салалардың мамандарын (ғылым, өнер, спорт, құқық қорғау органдары және т.б) тарту;
сыныпта оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушыларды сынып және мектеп ұжымдарының жүйелі қызметіне қатыстыру;
білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың отбасындағы және мектептегі тіршілік әрекетін зерделеу;
білім алушылардың мінез-құлқындағы девиантты көріністерді қадағалау және дер кезінде айқындау, тиісті педагогикалық және психологиялық көмек көрсету, мектеп әкімшілігін хабардар ету;
білім алушыларға олардың аса күрделі өмірлік проблемалары мен жағдайларын шешуде көмек көрсету;
білім алушылардың әлеуметтік, психологиялық және құқықтық қорғалуын ұйымдастыру;
сынып ұжымында қолайлы психологиялық ахуал жасау;
салауатты өмір салтын насихаттау;
білім алушылардың ата-аналарын және өзге де заңды өкілдерін олардың үлгерімі мен тәртібі туралы хабардар ету, сыныптағы ата-аналар комитеті жұмысына түзету енгізіп отыру;
жалпы білім беретін пәндер бойынша педагогикалық қызметкерлермен өзара әрекеттесу;
сынып ұжымымен сынып сағаттарын және басқа да сабақтан тыс, мектептен тыс іс-шаралар өткізу;
сынып құжаттамасын (білім алушылардың жеке істері, сынып журналы, күнделіктерінің толтыруын қадағалау), сондай-ақ орта білім беру ұйымының нормативтік актілерімен айқындалған басқа да құжаттамаларды жүргізу;
өзін-өзі сақтау және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді;
техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау;
сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шараларды өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;
білім беру ұйымының басшысын бала құқықтарының бұзылу (қорқытып алу, бопсалау, балалардың қаза болу және басқа да жазатайым оқиғалар) және білім алушының құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) жасау фактілері туралы уақтылы хабардар ету.
2) Коммуникативті функциялар:
білім алушылар арасында тұлғааралық қатынасты реттеу;
сыныпта ортақ қолайлы психологиялық ахуал орнатуға ықпал ету;
білім алушыларға құзыреттілік қасиеттер қалыптастыруда көмек көрсету.
3) Талдамалы функциялар:
білім алушылардың жеке ерекшеліктерін және олардың даму динамикасын зерделеу;
тұлғаның және ұжымның тәрбиелілік деңгейін талдау және бағалау;
білім алушы тұлғасының қалыптасуына отбасы тәрбиесінің ықпалын талдау және бағалау;
сыныптағы білім алушылардың үлгерімі мен жалпы даму динамикасына жүйелі түрде талдау жасауды жүзеге асыру.
4) Бақылау функциялары:
сыныптағы білім алушылардың оқу үлгерімін, сабаққа қатысуын, сыртқы келбетіне бақылау жасауды жүзеге асыру.
11. Сынып жетекшісінің функцияларына сәйкес білім алушылармен жүргізетін мынадай жұмыс нысандарын таңдайды:
1) жеке (әңгімелер, кеңестер, мәселені бірге шешу жолдарын іздестіру және тағы басқалар);
2) топтық (шығармашылық бірлесткітер, өзін өзі басқару органдары және басқалар);
3) ұжымдық (байқаулар, спектакльдер, концерттер, жорықтар, слеттер, жарыстар және тағы басқалар).
Білім алушылармен жүргізетін жұмыс нысандарын таңдауда:
орта білім беру ұйымының міндеттеріне сәйкес қызмет мазмұнын және негізгі түрлерін анықтауды;
білім беру процесін ұйымдастыру принциптерін, білім алушылардың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және мүмкіндіктерін, сыртқы жағдайларды ескеруді;
сыныптағы білім алушылардың әлеуметтік маңызды, шығармашылық қызметінің мазмұны, әдістері мен формаларының тұтастығын қамтамасыз етуді басшылыққа алған дұрыс.

4. Сынып жетекшісінің қызметін ұйымдастыру
12. Сынып жетекшісі сынып ұжымымен және ондағы жеке білім алушылармен мынадай жұмыстарды жүзеге асырады:
1) үнемі сабаққа келмегендерді және кешіккендерді айқындайды, олардың келмеу немесе кешігу себептерін анықтайды, сабаққа қатыспаудың және кешігіп келудің алдын алу жұмысын жүргізеді;
2) сынып кабинетінде білім алушылардың кезекшілігін ұйымдастырады;
3) білім алушылармен, оның ішінде олардың мінез-құлқында девианттылық пайда болған жағдайда жүргізілетін әртүрлі жеке жұмыс нысандарын ұйымдастырады.
13. Сынып жетекшісі апта сайын:
1) білім алушылардың күнделік толтыруын тексеруде апта бойы алған бағаларының қойылуын тексереді;
2) тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес сынып жетекшісі сағатын (сынып сағатын) өткізеді;
3) тәрбиелеу жұмысы жоспарына сәйкес ай сайын кемінде екі тәрбиелеу іс-шарасын (сынып сағатынан бөлек) өткізеді;
4) білім алушылардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен жұмыспен ұйымдастырады (жағдайға байланысты);
14. Сынып жетекшісі ай сайын:
1) өз сыныбындағы сабақтарға қатысады;
2) психологтың және жеке педагог қызметкерлердің кеңесін алады;
3) сынып ұжымының және оның белсенділерінің жұмысын ұйымдастырады;
15. Сынып жетекшісі оқу тоқсаны бойында:
1) сынып журналының жүргізілуін қамтамасыз етеді;
2) сынып жетекшілері әдістемелік бірлестік жұмысына қатысады;
3) тоқсан бойы тәрбие жұмыс жоспарының орындалуына, оқущылардың үлгерім жағдайына және тәрбиелік деңгейіне талдау жүргізеді;
4) жаңа оқу тоқсанына арналған тәрбие жоспарын әзірлейді;
5) сынып ата-аналарының жиналысын өткізеді;
6) оқу бөліміне сынып оқушыларының тоқсандағы оқу үлгерімі туралы есеп тапсырады;
16. Сынып жетекшісі жыл сайын:
1) оқушылардың жеке істерін ресімдейді;
2) оқу жылы бойындағы сыныптағы тәрбие жұмысының жай-күйіне, білім алушылардың тәрбиелілік деңгейіне талдау жүргізеді;
3) сыныптың тәрбие жұмысы жоспарын (сынып жетекшісінің жоспары) жасайды;
4) сыныптағы білім алушылар туралы статистикалық есеп жинайды және мектеп әкімшілігіне тапсырады.

5. Сынып жетекшісінің құжаттамасы
17. Сынып жетекшісі мынадай құжаттаманы жүргізеді:
1) орта білім беру ұйымы жұмысының перспективалық жоспары негізінде тәрбие жұмысының жоспары. Тәрбие жұмысының талдауы мен жоспарының нысаны мектеп сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі айқындайды;
2) білім беру ұйымы басшысы белгілеген нысанда сыныптың әлеуметтік паспорты;
3) сыныптағы білім алушыларды педагогикалық, әлеуметтік, психологиялық, табиғи зерттеу нәтижелері;
4) ата-аналар комитеттері мен ата-аналар жиналыстары отырыстарының хаттамалары, ата-аналар жиналыстарын дайындауға арналған материалдар;
5) балалармен жүргізілетін тәрбие шараларының материалдары;
6) сынып жетекшілігі бойынша әдістемелік жұмыс материалдары;
7) тәрбие жұмысының тоқсандық, жартыжылдық және жылдық талдауы;
8) есептер, талдау және басқа да материалдары.

6. Сынып жетекшісінің тәрбие қызметі нәтижелілігінің өлшем шарттары
18. Сынып жетекшісінің тәрбие қызметі нәтижелілігі төмендегі өлшемшарттармен айқындалады:
1) сынып жетекшісі қызметінің нәтижелігін білім беру ұйымдарының әкімшілігі мен басқа да білім беру процесіне қатысатын ұйымдар талдайды және бағалайды. Осы мақсатта әрбір білім беру ұйымдарында жұмыс жүйелерінің өлшемшарттары, сондай-ақ бағалау-талдау қызметтің тәсілдері әзірленеді.
2) сынып жетекшісінің қызметін бағалауды, әдетте, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.
3) сынып жетекшісі жұмысының тиімділігі өлшемшарттар негізінде бағаланады, олардың сипаттамасы:
тәрбиеленушілердің тұлғалық сапасын және жеке қабілеттіліктерін дамыту деңгейлері;
білім алушыларға тұрақты білім беру бағдарламасын табысты игеруді немесе үлгерім динамикасының оң болуы;
сынып ұжымының, сыныпты тәрбиелеу жүйесінің қалыптастырылуы;
ата-аналар балалардың сыныптағы тіршілік әрекетіне және сынып жетекшісі қызметінің нәтижелелеріне қанағаттаншылық танытуы;
тәрбиеленушілердің әр түрлі әрекеттерде нәтижеге жетуі;
балаға сынып қауымдастықта қолайлы болуы;
4) өлшемшарттардың аталған жүйесі сынып ұжымының арнайы ерекшелігі мен оның тәрбие қызметін көрсететіндей болуы және қосымша көрсеткіштермен толықтырылуы да мүмкін (құқық бұзушылықтың болмауы, қоғамдық және білім алушылардың шығармашылық белсенділігі және т.б.).
Таңдалып алынған өлшемшарттарға сәйкес психологиялық-педагогикалық диагностиканың әдістемесі, бағалау-талдау қызметтің әдістері мен тәсілдері жинақталады және қолданылады.



© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Категория: Мұғалімдер

 

Кемел кітапханасы

Автор: admin от 16-05-2016, 04:36, посмотрело: 1253

0
Кемел кітапханасы

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Сарыарка ЖОМКММ

Автор: admin от 16-05-2016, 04:21, посмотрело: 1072

0 Бұл мектеп сонау Қызылқұм ауданынан шаңырақ көтерген Ленин орта мектебі – қазіргі "Сарыарқа" жалпы орта мектебі- білімнің қайнар бұлағы атанды. Осы алтын ұядан ұшқан ондаған түлектер еліміздің түрлі салаларында басшы қызметтерін атқарды, ғылым қуып ғалым болды. Олар да әрдайым өз мектебіне келіп, қамқорлық жасап тұруды әдетке айналдырған. Мектеп кезінде үлгілі бітірген, кейіннен еліміздің түрлі саласында еңбек етіп, абырой алған түлектерінің аты- жөндерін атап өткенді жөн көрдік.

Әрине дүние жүзі қазақтары қауымдастығының төрағасының бірінші орынбасары Қалдарбек Найманбаев,Сарыағаш сонымен қатар Мақтаарал аудан әкімі қызметін атқарған Омарбек Нұржанов, Республика Парламентіне 3 рет депутат болып сайланған Мырзакелді Кемел, профессор Бердіқұл Рыскелдиев, Ш. Нұртаев, С.Зікіров, кезінде партия және кеңес ұйымдарында басшы болған Б.Серіков, Ы.Сахов, Ж.Абдазимов Т. Ағманов, А. Піләлов, С.Мұратов, А. Кемелов, З.Салықбаев, К. Омаров және басқалары.

ҚЫЗЫЛҚҰМ АУЫЛЫ

Категория: Мектеп

 

Мектеп әкімшілігі

Автор: admin от 16-05-2016, 03:41, посмотрело: 874

0
Мектеп әкімшілігі Мектеп директоры : Леспаева С
Мектеп әкімшілігі
Оқу ісі жөніндегі орынбасары : Шарапова Б
Мектеп әкімшілігі Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары :Жандаулетова У
Мектеп әкімшілігіТәрбие ісі жөніндегі орынбасары :Назарымбетов Е
Мектеп әкімшілігіОқу ісі жөніндегі орынбасары : Ташимбаева Х
Мектеп әкімшілігі Социолог: Сарсенбаева М

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Мектеп мұражайы

Автор: admin от 15-05-2016, 10:00, посмотрело: 4143

0
Мектеп мұражайы
Мектеп мұражайы
Мектеп мұражайы
Мектеп мұражайы

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Кітапхана

Автор: admin от 15-05-2016, 08:03, посмотрело: 1488

0
Кітапхана
Кітапхана

Категория: Мектеп дәстүрі

 

"Сарыарқа" жалпы орта мектебі

Автор: admin от 15-05-2016, 00:33, посмотрело: 1439

0
"Сарыарқа"  жалпы орта мектебі

Категория: Мектеп

 

Педагогикалық әдеп қағидаларын бекіту туралы

Автор: admin от 20-04-2016, 05:38, посмотрело: 1081

0 Педагогикалық әдеп қағидаларын бекіту туралы

Категория: Мұғалімдер

 

[available=main] reddit video downloader boats for coloring [/available]