» » Кемел кітапханасы

 
 
 

Кемел кітапханасы

Автор: admin от 16-05-2016, 04:36, посмотрело: 1253

0 «Кемелдің кітапханасы» ашылды

Мақтарал ауданының Қызылқұм ауыл округінде сәуірдің бастапқы күндерінде айтулы бір оқиға болды. Ауыл округының орталығындағы «Сарыарқа» орта мектебінің 1966 жылғы түлегі Мырзагелді Кемел өзінің жеке кітапханасындағы 6000 кітабын мектепке сыйға тартты.
«Бұл кітаптарды елу жылға жуық жинап келемін. Сақталып қалған кітаптарымның ең алғашқысы сол 1966 жылы Ташкент ирригация инженерлері институтының 1 курсында оқи бастағанда алған ең бірінші стипендияма Алай базарынан сатып алған Сергей Есениннің 3 томдық шығармалар жинағы еді. Ол кезде жақсы кітаптарды табу аса қиын болатын. Есімде, 3-курста жүргенімізде достарымызбен бірге қағаз қалдықтарын жинап тапсырып, өзбектің ұлы ақыны Әлішер Науайының 2 томдық шығармалар жинағын алғаным. Содан бері әр жылдарда тірнектеп жинаған кітаптарымды өзім бітірген мектепке сыйға тартуды арман еткеніме 6-7 ай болып еді. Сол арманым жүзеге асып, кітаптарымды сенімді әрі оқырманы бар ауылға тапсырып қайтып келемін» – дейді бізбен жолыққан руханият меценаты.
Мектеп кітапханасына тапсырылған кітаптар әбден сұрыпталған, әлемдік сөз өнері жауһарларының барлығының дерлік еңбектері жинақталған үлкен қор. Ол кітаптардың сапында Абайдың 2013 жылы шыққан 2 томдығы, Мұхтар Әуезовтың 20 томдығы, Фариза Оңғарсынованың 10 томдығымен қоса тағы 8 кітабы, Әбіш Кекілбаевтың 12 томдығы мен 6 жеке кітаптары, Қадыр Мырзалиевтің 18 томдығы мен тағы 10 кітабы, Ыбырай Алтынсаринның 2 томдығы, Шоқан Уәлихановтың қазақша 3 томы мен орысша 3 томы, Шәкәрім, Махамбет, Қасым Аманжоловтың 4 томдығы, Мәшһүр Жүсіптің 13 томдығы, Шерхан Мұртазаның 2 томдығы, Сұлтанмахмұт, Қаныш Сәтпаев, Евней Бөкетов, Ермұхан Бекмахановтар туралы зерттеу еңбектер, Қабдеш Жұмаділовтің, Темірхан Медетбектің, Ұлықбек Есдәулеттің, Тұрсын Жұртбаевтың көптомдықтары бар. Кәкімбек Салықов, Иманжүсіп, Әсет Найманбаев, Қалихан Ысқақ, жергілікті ақын-жыраулар Қайыпназар Әйтпенов пен Мұса Жұманазаровтың кітаптары да сөрелерге жайғасыпты.
«Өз ауылымда кітапхана ашсам деген ниетіме қолдау көрсетіп, көптеген азаматтар кітаптар сыйлады. Руханият жанашыры Иманғали Тасмағамбетов Оралханның шығармаларын, Фариза апам қайтыс боларынан бірер ай бұрын 150 кітаптар мен журналдарды, Ұлттық кітапхананың меңгерушісі Әлібек Асқаров «Қазақтың жүз әні» және «Қазақтың мың күйі» таспалары мен жүзге жуық балалар әдебиетін, «Егемен Қазақстан» газеті түрлі энциклопедиялық еңбектер мен өздерінде жарияланған «Тәуелсіздік», «Астана» сынды мақалалар топтамаларын, т.б. оншақты кітап сыйлады. Лев Гумилев атындағы Ұлттық университеттің ректоры Ерлан Сыдықов өзінің «Тамаша адамдар өмірі» сериясымен қазақ және орыс тілдерінде шыққан «Шәкәрім» атты еңбегін сыйға тартты» дейді М.Кемел.

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

[available=main] reddit video downloader boats for coloring [/available]